weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Израиль Газа қаласын миллион адам тастап кетеді деп күтуде

Сәрсенбі күні Израиль армиясының жоғары лауазымды өкілі Газа қаласына жасалуы мүмкін шабуыл бір миллион палестиналықтың қоныс аударуына әкелуі ықтимал екенін айтты. Израиль оларға арнап жаңа «гуманитарлық аймақ» құруды жоспарлап отыр.

Израиль Газа қаласын миллион адам тастап кетеді деп күтуде
Фото: reuters

БҰҰ дерегінше, бір миллион адам – бұл Газа қаласының (сектор астанасы) және оған жақын аумақтың түгелге жуық халқы.

Израиль қалада ХАМАС-тың негізгі базалары орналасқанын алға тартып, Газаны толық бақылауға алуға дайындалып жатыр.

COGAT — Израиль Қорғаныс министрлігінің палестиналық аумақтардағы азаматтық мәселелерге жауапты органы — соңғы күндері Газаның солтүстігінен (қала орналасқан аймақтан) оңтүстікке қарай халықтың белсенді көшіп жатқанын мәлімдеді.

Олардың дерегінше, қазіргі уақытқа дейін солтүстік аудандардан шамамен 70 мың адам кеткен.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→