Астанада бұлт аралас ашық болады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +26...+28°C.
Алматыда да күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 3-8 м/с. Түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C.
Шымкентте күн ыстық, бұлтты-ашық, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +36…+38°C.
Ақтауда бұлт аралас, жауынсыз. Желдің екпіні 9-14 м/с. Түнде +19...+21°C, күндіз +26...+28°C.
Ақтөбеде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 9-14 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +24…+26°C.
Атырауда да жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 9-14 м/с. Түнде +16…+18°C, күндіз +23…+25°C.
Жезқазғанда күн бұлтты-ашық, жауынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін. Түнде +15...+17°C, күндіз +29...+30°C.
Қарағандыда күн бұлт аралас, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +9...+11°C, күндіз +24...+26°C.
Көкшетауда ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Түнде +11...+13°C, күндіз +26…+28°C.
Қонаевта күн ашық- бұлтты, жауынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +30...+32°C.
Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел 9-14 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз +25...+27°C.
Қызылордада бұлт аралас ашық, жауынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +32…+34°C.
Павлодарда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +9…+11°C, күндіз +20...+22°C.
Петропавлда күн бұлтты-ашық, жауынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +22...+24°C.
Семейде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +22…+24°C.
Талдықорғанда күн ашық-бұлтты, жауынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +4…+6°C, күндіз +28…+30°C.
Таразда да күн бұлтты-ашық, жауынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +11...+13°C, күндіз +32…+34°C.
Түркістанда күн ашық, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +18...+20°C, күндіз +35...+37°C.
Оралда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай болады. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Түнде +11...+13°C, күндіз +20...+22°C.
Өскеменде күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел 1-6 м/с. Түнде +6...+8°C, күндіз +18...+20°C.