Полиция департаментінің хабарлауынша, автобус жүргізушісі Мақатаев көшесімен шығысқа қарай қозғалып келе жатып, Уалиханов көшесі бойымен солтүстікке қарай жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өткен екі қызды қағып кеткен.
— Жол апаты салдарынан 2008 жылы туған екі қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, — деді Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайын Алмалы аудандық полициясы анықтап жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері Алматыда электросамокат пен электровелосипед мінгендер тарапынан 11 922 құқықбұзушылық тіркелген.