Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, композитордың қызы дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дінзухра Тілендиева, сондай-ақ зиялы қауым мен мәдениет өкілдері жаңартылған музейді аралап көрді.
1979-1998 жылдары композитор отбасымен тұрған бұл үй бүгінде мемориалдық музей ретінде жұмыс істейді.
Сондай-ақ, музейде композитордың анасы сыйлаған фортепиано да сақталған.
Айта кетелік, экспозициядағы ең құнды жәдігердің бірі 1934 жылы Ахмет Жұбанов сыйға тартқан аңызға айналған «Дариға-домбыра». Композитордың жары Дариға Тілендиеваның есімімен аталған қасиетті домбыра оның шығармашылық шабыт нышанына айналды.