weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
11 наурыз, 2025 / Перизат Ілес / Мәдениет
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Нұрғиса Тілендиевтің әйелі Дариға Тілендиева қайтыс болды

Белгілі күйші, сазгер Нұрғиса Тілендиевтің жары, актриса Дариға Тілендиева дүниеден озды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Нұрғиса Тілендиевтің әйелі Дариға Тілендиева қайтыс болды
Фото: Stan.kz

"Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, актриса, композитор Дариға Тілендиева 79 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.  Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық   филармониясы мен Н.Тілендиев атындағы Академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестр ұжымы, Дариға Тілендікелінінің қызы оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің кавалері Динара Нұрғисақызы Тілендиева мен ағайын-туыс, жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтады",- деп жазды Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы.

Дариға Тілендиева 1946 жылы 4-ші тамызда Алматы облысы Көксу ауданында дүниеге келген. "Қазақфильм" киностудиясының 2 жылдық курсын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын 1980 жылы бітірген.

Алғаш рет "Қазақфильм" киностудиясында түсірілген "Құлагер", содан кейін "Ақ машина", "Алтыжасар Алпамыс", "Қоштасқым келмейді", "Жамбылдың жастық шағы", тағы басқа көркем фильмдерінде әр түрлі рөлдерді сомдады. 

Сонымен қатар Дариға Тілендиева 1993-2010 жылдар аралығында Н.Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрінде конференьсе қызметін атқарды.«Қайран менің Нұрекем», «Қазақстан Республикам менің», «Қараталым», «Махамбет баба» атты көптеген ән-күйлердің авторы.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→