Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда 120 мыңнан аса компания тіркелгенімен, жұмыс істемейді

Ұлттық статистика бюросының 1 тамыздағы деректеріне сәйкес, елдегі бизнес субъектілерінің бір бөлігі белсенді емес болып отыр.

Қазақстанда 120 мыңнан аса компания тіркелгенімен, жұмыс істемейді
Фото: ашық дереккөз

Жалпы көрсеткіштер:

Жеке кәсіпкерлер – 1 874 108 тіркелген, оның 1 782 349-ы жұмыс істеп тұр.

ШОБ субъектілері – 2 352 617 тіркелген, белсенділері – 2 149 601.

Заңды тұлғалар – 547 760 тіркелген, соның ішінде 427 262-сі ғана жұмыс істейді.

Осылайша, шамамен 120 мың компания тіркелгенімен, қызметін жүргізбей отыр.

Соңғы он жылдағы өзгеріс

2015 жылдан бері заңды тұлғалар саны 360 287-ден 536 241-ге дейін көбейген. Бұл – 48,8%-дық өсім. Негізгі серпін шағын бизнес есебінен байқалады: жыл сайын шамамен 4,6% өсім тіркелген.

Ал орта және ірі бизнес тұрақсыздыққа жиі ұшырайды. Мәселен, 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны азайып кеткен. Бұл жағдай шағын кәсіпкерліктің экономикалық дамудағы негізгі қозғаушы күш екенін көрсетеді.

Өңірлік бөлініс

Кәсіпкерлік белсенділік бойынша мегаполистер көш бастап тұр:

  • Алматы – 155 634 (28,4%),
  • Астана – 107 150 (19,6%),
  • Шымкент – 29 677 (5,4%).

Ең төмен көрсеткіштер:

  • Ұлытау – 2 971 (0,5%),
  • Жетісу – 8 537 (1,6%),
  • Абай – 8 553 (1,6%).

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату