Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Өзбекстандық әуе компания Centrum Air Қазақстанға алғашқы рейсін бастамақ

Биылғы жылдың 5 мамырынан бастап Қазақстанның әуе тасымалы нарығына Өзбекстан Республикасының «My Freighter» (Centrum Air) әуе компаниясы шығады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Өзбекстандық әуе компания Centrum Air Қазақстанға алғашқы рейсін бастамақ

Әуе компания Ташкент-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс жиілігімен (дүйсенбі және бейсенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастайды. Одан әрі 6 маусымнан бастап аптасына (жұма күндері) тағы бір рейс қосылып, осылайша рейс саны аптасына 3-ке дейін ұлғаяды.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туризм және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату