Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

3 мыңнан астам жетім бала асырап алынды – министрлік

Қазақстанда биылдан бастап жетім балаларды отбасына орналастырудың жаңа моделі енгізілді.

3 мыңнан астам жетім бала асырап алынды – министрлік
Фото: baq.kz

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, өткен оқу жылының қорытындысы бойынша балалардың құқығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған 6 заң мен 94 нормативтік құқықтық акт қабылданған. Сондай-ақ Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының факультативтік хаттамасы ратификацияланды. Қаңтар айында Женевада өткен БҰҰ сессиясында Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау реформасына жоғары баға берілді.

Нәтижесінде балалар үйінде тәрбиеленген жетімдердің 82 пайызы отбасына орналастырылып, 3 мыңнан астам бала өз шаңырағын тапты. 360 ересек азамат тәлімгер атанса, қорғаншылық органдарының штат саны үш есеге артты. 2025 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіби қабылдаушы отбасы институты іске қосылады.

Сонымен қатар министрлік мектептегі буллингке қарсы шараларға тоқталды. Ведомствоның айтуынша, елімізде «ДОСБОЛLiKe» атты арнайы бағдарлама енгізіліп жатыр. Бұдан бөлек, «Кибер Тұмар» мен «Ата-ана бақылауы» акциялары ұйымдастырылып, «Менің бауырым» жобасы жүзеге асуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 20 өңірде психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Бүгінге дейін 250 мыңнан астам оқушы мен олардың ата-анасы көмек алған. Сондай-ақ медиация қызметі, балалар омбудсмені жұмыс істеп, тәлімгерлер психологиялық дайындықтан өтуде.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату