Ұлытауда бала асырап малға салып қойған

Қамқоршы 5 жыл бойы фермада бір отбасынан шыққан үш баланы қанады

Фото: Московский комсомолец

Қамқоршы 5 жыл бойы фермада бір отбасынан шыққан үш баланы қанады, деді  Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Әйел 2018 жылы балалар үйінен бір ұл, екі қызды асырап алған. Олардың жас шамасы сол кезде 14, 12, 8 жаста еді. Асыраушы балаларды қаладан 20 шақырым жерде фермада ұстап, азаптап, мал бағуға мәжбүр еткен.

Екі ұлдың әпкесін, яғни қызды айтқан жұмысын орындамаса немесе шақымданса, інілеріңді ендігі әрі көрмейсін деп қорқытқан. 

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Айта кету керек, жақында қамқоршы тағы да асырап алуға болатын балалар әлі де бар ма деп ойлаған.

Жүктелуде...