Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Америкалық Black Rock компаниясы Freedom Holding-тың екінші ірі акционері болды

Әлемдегі ең ірі инвестициялық компания BlackRock Тимур Турловқа тиесілі Freedom Holding-ке шамамен 89 млн доллар инвестиция салды. Осылайша америкалық алпауыт қазақстандық кәсіпкердің компаниясындағы екінші ірі акционерге айналды.

Америкалық Black Rock компаниясы Freedom Holding-тың екінші ірі акционері болды
Фото: ашық дереккөз

Әлемдегі ең ірі басқарушы компания BlackRock соңғы есептік кезеңде Freedom Holding Corp-тағы үлесін 0,85%-ға дейін ұлғайтты. Bloomberg деректері бойынша, инвестициялар көлемі шамамен 89 млн долларды құрады. Бір тоқсанда BlackRock өз үлесін 443 965 акцияға арттырып, жалпы 520 565 акцияға иелік етті.

BlackRock-пен қатар, холдингтің акционерлері қатарында басқа да жаһандық инвестициялық алпауыттар бар. Мысалы, State Street Corp. — инвестиция көлемі 31,9 млн доллар, үлесі 186 779 акция (оның ішінде өсім — 138 017 акция), Grace Partners of DuPage L.P. — шамамен 31,5 млн доллар, ал Geode Capital Management — 27,3 млн доллар инвестиция құйды.

BlackRock, Inc. — әлемдегі ең ірі америкалық трансұлттық инвестициялық компания. Ол институционалды және жекелеген клиенттерге инвестиция мен тәуекелдерді басқару қызметін көрсетеді, сондай-ақ технологиялық шешімдер ұсынады.

1988 жылы құрылған және Нью-Йоркте орналасқан компания 2025 жылғы жағдай бойынша 12,5 трлн долларды басқарып отыр. Сондай-ақ ол iShares ETF-қорлары және Aladdin бағдарламалық қамтамасыз етуімен танымал.

Freedom Holding-тің негізгі иесі болып әлі де Тимур Турлов қала береді. Оған компания акцияларының 69,26%-ы тиесілі, бұл 7,2 млрд доллардан асады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату