Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Уэльс бапкері Қазақстанға қарсы ойын алдында «Қайрат» жайлы пікір білдірді

Уэльс құрамасының бас бапкері Крейг Беллами 4 қыркүйекте Астанада өтетін, 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстанға қарсы матч алдындағы ойымен бөлісті.

Уэльс бапкері Қазақстанға қарсы ойын алдында «Қайрат» жайлы пікір білдірді
Фото: ФК «Қайрат»

— «Қайраттың Чемпиондар лигасындағы жетістігін елеусіз қалдыруға болмайды, ол бүкіл елге үлкен серпін береді. Біздің командада Чемпиондар лигасында ойнайтын ойыншылар жоқ, ал Қазақстан сапында үш-төрт футболшы бар. Олармен қарқын да, ойын сапасы да салыстыруға келмейді. Сол себепті біз үшін оларға қазір жолыққан дұрыс, бірнеше айдан кейін емес. Себебі уақыт өте келе олардың деңгейі арта береді», — деді Беллами.

Айта кетейік, алматылық «Қайрат» тұңғыш рет клуб тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Бұл сында олар 15 мәрте кубок иегері атанған мадридтік «Реалмен» кездеседі.

Сонымен қатар Қазақстанда қазір матч билеттерінің бағасы қызу талқылануда. Инсайдерлердің хабарлауынша, 30 қыркүйекте Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Реал» ойынына кіру құны 500 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату