weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Степногорск ЖЭО-да жұмысшы қаза тапты, тағы үшеуі ауруханаға түсті

Кәсіпорын басшылығы оқиғаны растады.

Степногорск ЖЭО-да жұмысшы қаза тапты, тағы үшеуі ауруханаға түсті
Фотт: ашық дереккөз

«26 тамыз күні №2 қазандықтағы су экономайзерін бөлшектеу кезінде мердігер ұйымның бірнеше жұмысшысы зардап шекті. Бір адам оқиға орнында көз жұмды, тағы үшеуі жедел жәрдеммен Степногорск көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Олардың жарақаттары әртүрлі деңгейде», – делінген ресми хабарламада.

Жағдайдың мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. ЖЭО басшылығы қаза тапқан қызметкердің отбасына және жарақат алғандарға қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.