Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматыда қоқыс тастауға шығып оралмаған жасөспірім бір айдан соң табылды

Алматыда 28 шілдеде із-түзсіз кеткен 16 жастағы Айдос Әкімбаев аман-есен табылды. Бұл туралы анасы әлеуметтік желіде жариялады.

Алматыда қоқыс тастауға шығып оралмаған жасөспірім бір айдан соң табылды
Фото Баян Әкімбаевадан

Жасөспірім сол күні таңертең Мамыр-3 шағынауданындағы үйінен қоқыс шығаруға шығып, қайта оралмаған. Сағат 10:53 шамасында бейнабақылау камерасы оны бір үйдің жанынан түсіріп алған. Алайда қоқыс контейнерлерін көрсететін камера істемей тұрғандықтан, кейінгі қимылдары беймәлім болып қалған.

Айдостың жоғалуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, оны іздеуге полициямен бірге еріктілер мен туыстары да жұмылды. Анасы әлеуметтік желілерде көмек сұрап, ұлының суретін таратқан.

Ол қалай табылды және не болған?
22 тамызда Айдостың анасы ұлының табылғанын хабарлады. Оның айтуынша, белгісіз үш адам жасөспірімді күштеп көлікке отырғызып, кілт пен ақшасын тартып алып, Шымкентке әкеткен. Бірнеше күн бойы оны жертөледе ұстап, күш қолданған. Кейін Түркістан облысына жеткізілген.

Жасөспірім жанармай бекетінің маңында қашып құтылған. Туғандары тапқан сәтте ол үйден шыққан кездегі киімінде болған: футболка, шорты және қою көк аяқ киім.

Анасының айтуынша, ұлы қатты күйзеліске түскен. Баланы табу полицияның қатысуынсыз жүзеге асқан. Отбасы оқиғаның толық мән-жайын кейінірек жариялауды жоспарлап отыр.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату