Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Тоқаев пен Жапаров Бішкекте келіссөз өткізді

Бішкекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан президенті Садыр Жапаров келіссөз жүргізді. Тоқаев әріптесіне ресми шақыруы үшін алғыс айтып, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

Тоқаев пен Жапаров Бішкекте келіссөз өткізді

– Бұл сапар Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық қарым-қатынасқа тың серпін беретініне сенімдімін. Қазақ пен қырғыз – тамыры бір, тарихы, дәстүрі мен дүниетанымы жақын халықтар. Екі ел ежелден Алатаудың баурайында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Қазір біздің байланысымыз стратегиялық әріптестік рухында қарқынды дамып жатыр. Барлық деңгейде саяси диалог орнықты. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық кеңестер жұмыс істеп тұр, өңіраралық қарым-қатынас жолға қойылған. Жалпы алғанда, Қазақстан мен Қырғызстан арасында жан-жақты әрі берік ынтымақтастық қалыптасқан, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев сондай-ақ Садыр Жапаровтың екі ел қарым-қатынасын нығайтудағы жеке еңбегін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, Қырғызстанда оң өзгерістер байқалады, ал биылғы жылдың басынан бері ел экономикасының өсімі 11,7%-ды құраған.

– Біз бауырлас Қырғызстанның жетістігіне қуаныштымыз және өзара ықпалдастықты одан әрі дамытуға ерекше мән береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату