Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Жапония аспанында отты шар пайда болып, түн жап-жарық боп кетті

Жапонияның батыс өңірінде сейсенбі кешінде жұрт ерекше құбылыстың куәсі болды – жүздеген шақырымнан көрінген алып отты шар аспанды жарқыратып жіберді.

Жапония аспанында отты шар пайда болып, түн жап-жарық боп кетті

Жергілікті уақыт бойынша сағат 23:00-ден кейін аспанда кенеттен жарық жарқ ете қалды. Әлеуметтік желілерде сол сәттің бейнежазбалары мен суреттері тарап жатыр. Көптеген куәгерлер «түн әп-сәтте күндізге айналғандай болды» деп сипаттады.

«Мені таңғалдырғаны — бұрын-соңды көрмеген аппақ сәуле көктен түсті де, соншалықты ашық болды, айналамдағы үйлердің пішінін анық көрдім», — деді Миядзаки префектурасының тұрғыны Йосихико Хамахата NHK телеарнасына.

Кагосима аймағындағы Сэндай ғарыш музейінің директоры Тосихиса Маэда бұл метеор екенін растады. Оның айтуынша, аспан денесі, үлкен ықтималдықпен, Тынық мұхитына құлаған.

«Куәгерлер ауада діріл сезілгенін жеткізді. Ол тіпті айдай жарық болды», — деді маман.

NASA дерегінше, мұндай нысандардың диаметрі бір метрден асуы мүмкін. Мұндай жарқылдар «болида» деп аталады — атмосферада жарылып, көз қаратпас сәуле шығаратын метеорлар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату