weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
8 тамыз, 2026 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жапонияның оңтүстігінде тайфун дабылы: 175 мың тұрғынға эвакуация жарияланды

Жапонияның оңтүстігіндегі Амами аралдары мен ең оңтүстік префектурасы Окинава тұрғындарының шамамен 175 мыңына қуатты «Долфин» тайфунына байланысты су тасқыны мен көшкін қаупі туындауына орай эвакуациялану туралы нұсқау берілді,— деп хабарлайды newsroom.kz

Жапонияның оңтүстігінде тайфун дабылы: 175 мың тұрғынға эвакуация жарияланды

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы тәулікте бұл аумақта 300 миллиметрге дейін жауын-шашын түсуі мүмкін.

Тайфун орналасқан мұхит аумағында желдің екпіні секундына 60 метрге дейін жетеді. Ал Окинаваның әкімшілік орталығы Наха қаласында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін күшейген. Жапонияның ұлттық қоғамдық телеарнасының мәліметінше, табиғи апат салдарынан 44 мыңға жуық үй электр қуатынсыз қалған. Сондай-ақ көшелердегі бағдаршамдар жұмыс істемей тұр.

Қазіргі уақытта «Долфин» тайфуны сағатына шамамен 10 шақырым жылдамдықпен Окинавадан алыстап, Қытай жағалауы бағытында жылжып барады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→