weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Жарық бағасы тағы өзгере ме? 60 компанияның тарифі қайта қаралады

Қазақстанда электр энергиясының шекті тарифтерін қайта қарау ұсынылды.  Өзгерістерді 10 қыркүйектен бастап енгізу көзделген. Бұл туралы Newsroom.kz хабарлайды.

Жарық бағасы тағы өзгере ме?  60 компанияның тарифі қайта қаралады
Фото: Baq.kz

Министрлік мәліметінше, 60 энергия өндіруші ұйым үшін тарифтерді түзетуді жоспарлап отыр.Тарифтерді қайта қарау елдегі энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету және генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен жаңғырту мақсатында жүргізіліп жатыр. Қосымша қаржы электр станцияларының жабдықтарын уақытылы жөндеуге, жаңартуға және олардың ұзақ мерзімді сенімді жұмысын қамтамасыз етуге бағытталмақ.

Жаңа шекті тарифтер 60 энерг өндіруші ұйымға қатысты болады. Алайда бұл өзгеріс әзірге түпкілікті бекітілген жоқ. Қазір тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылауға шығарылған. Құжат бойынша ұсыныстар 6 қыркүйекке дейін қабылданады. 

Егер құжат бекітілсе, түзетілген тарифтерді 2026 жылғы 10 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізу жоспарланып отыр.

Министрлік бұл шараның негізгі мақсаты тұтынушылар үшін электр энергиясының тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету және энергетикалық нысандарды жаңғыртуға қажетті қаражат қалыптастыру екенін атап өтті.
 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→