Ашық есік күніне 400-ден аса ата-ана мен оқушылар сонымен қатар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, 900 оқушыға арналған жаңа мектеп бүгінде цифрландыру, инклюзивтілік және кеңістікті көпфункционалды пайдалануға қойылатын барлық талаптарға сай келетін заманауи үлгілік білім ордасы айналған.
Мектеп 0-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі барлық оқушыларға толыққанды білім беруді қамтамасыз етеді.
Білім ордасы инклюзивтілік пен жалпыға бірдей қолжетімділік қағидаттарына сай жобаланған. Ғимарат пандуспен, лифтпен, тактильді бағыттағыштармен, жарықтық белгілермен, сахнаға арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Ашық есік күні барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ата-аналарға мектептің инфрақұрылымы атап айтқанда, цифрлық сауаттылық, информатика және робототехника кабинеттері, ағаш және металл өңдеу, тігін және аспаздық шеберханалары, бейнелеу өнері, графика және жобалау кабинеттері, STEM-зертханасы және оқушылардың барлық санатына қолайлы жағдай жасайтын сәулеттік және логистикалық шешімдер таныстырылды.