Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Астанада LRT үшін «дыбыссыз» рельстер төселді

Елордада ұзындығы 22,4 шақырымды құрайтын LRT желісінің құрылысы бойынша негізгі кезеңдердің бірі аяқталуға жақын. №101 станциядан №118 станцияға дейінгі аралықта және аралық жолдарда шамамен 89,6 мың метр рельс төселген.

Астанада LRT үшін «дыбыссыз» рельстер төселді
Фото: ашық дереккөз

Қазір мамандар рельстерді дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Одан кейін жолды түпкілікті бекіту басталады.

CTS компаниясының мәліметінше, құрылыс барысында темір құрамы жоғары көміртекті болаттан жасалған рельстер пайдаланылуда. Олар алдын ала кернелген шпалдарға, заманауи DTVII2-1 бекіту жүйесін қолдана отырып, үздіксіз төсеу технологиясымен орнатылады.

Бұл әдіс пойыз қозғалысы кезінде шуды және дірілді едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде сапар жолаушылар үшін жайлырақ, ал жақын маңдағы тұрғындар үшін көзге онша түспейтін болады.

Алдағы уақытта төтенше жағдай кезінде жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін эвакуациялық платформалар орнату жоспарланған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату