Microsoft компаниясының өкілі Райан Асдоуриан: «Бұл қазірдің өзінде басталып кеткен өзгерістер. Жасанды интеллекттің жылдам таралуы еңбек нарығын түбегейлі өзгертуде», – дейді.
Зерттеушілердің болжамына қарағанда, қазіргі мектеп пен университетте оқып жүрген жастардың 65 пайызы бүгінде әлі жоқ мамандық иесі атанады. Сондықтан мамандар жастарға дәстүрлі бір салаға ғана байланбай, әртүрлі дағдыларды меңгеруге кеңес береді.
Сарапшылар атаған болашақ мамандықтардың бестігі:
Ғарыш гиді. 2030 жылдарға қарай ғарыш туризміне маманданған мамандар қажет болады.
Жеке деректер кураторы. «Ми–компьютер» интерфейстерін қолданатын адамдардың ойы мен естелігін реттеп отыратын маман.
Қоршаған ортаны қалпына келтіру инженері. Жойылып кеткен жануарлар мен өсімдіктерді қайта тірілтуге дейін баратын экожүйе мамандары.
Тұрақты қуат құралдарын жасаушы. Жаңартылатын энергияны үздіксіз пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа буын батареялардың авторлары.
Адам денесінің дизайнері. Биоинженерия арқылы дене мүшелерін қалпына келтіретін, тіпті адамның сыртқы келбетін өзгерте алатын мамандық.
Сарапшылардың сөзінше, болашақта бір ғана тар шеңберлі мамандық жеткіліксіз. Бірнеше саладағы білім мен дағдыны қатар игеру еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болудың басты шартына айналады.