Дегенмен, соңғы жылдардағы деректерге сүйенсек, ең жоғары еңбекақы алатын мамандықтар тізімі келесідей. Бұл тізімді Newsroom.kz тілшісі ұсынады.
1. IT және технология саласы
Бағдарламашылар, жүйелік әкімшілер, киберқауіпсіздік мамандары – ең жоғары табысқа ие. Жасанды интеллект пен деректер талдауына сұраныстың өсуі бұл мамандықтардың деңгейін одан әрі көтеруде. Орташа жалақысы айына 500-ден 1 000 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін.
2. Мұнай-газ саласы
Бұл салада жұмыс істейтін инженерлер, геологтар мен өзге мамандар әлі де жоғары сұранысқа ие. Олардың жалақысы айына 700 000-нан 1 500 000 теңгеге дейін жетуі мүмкін, әсіресе шетелдік компанияларда.
3. Медицина саласының жоғары білікті мамандары
Дәрігерлердің жалпы жалақысы орташа болғанымен, тар бағыттағы мамандар (хирургтар, кардиологтар, анестезиологтар) өте жоғары еңбекақы алады. Олардың табысы айына 500 000-нан 2 000 000 теңгеге дейін болуы мүмкін.
4. Қаржы және инвестиция саласы
Банк саласындағы аналитиктер, қаржы кеңесшілері және инвестициялық басқарушылар жоғары табысқа ие. Бұл салада мамандар айына 600 000-нан 1 200 000 теңгеге дейін табыс табады.
5. Авиакәсіп мамандары
Ұшқыштар мен әуе қозғалысын басқарушылардың жалақысы айтарлықтай жоғары. Қазақстанда бұл мамандардың ай сайынғы табысы 1 000 000 теңгеден асып кетуі мүмкін.