Қазақстанда ең көп жалақы алатын маман иелері кім?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жауап берді

eKaraganda

Қазан айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары жалақы ұсынылған бос жұмыс орындарын жариялады,- деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі.

"Қазанда жоғары жалақы бас құрылысшыларға (орта есеппен 679 мың теңге), бас техникалық мамандарға (шамамен 565 мың теңге) және ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инженерлерге (шамамен 554 мың теңге) ұсынылды.

Бұл ретте инвестициялық жобалар жөніндегі директор (орта есеппен 2 млн теңгеден бастап), өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің бастығы (шамамен 1,8 миллион теңге) және комбайнер (1,2 миллион теңге) лауазымына үміткер ізденушілер ең жоғары жалақыны сұрады", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазан айында Электрондық еңбек биржасында (ЭЕБ) 123,7 мың бос жұмыс орны және 106 мың түйіндеме орналастырылды.

Жүктелуде...