Білім сынағына қатысатындардың 76 пайызы қазақ тілін, 23,9 пайызы орыс тілін таңдаса, 162 адам ағылшын тілін қолай көрген.
• Тестілеудің алғашқы күні, 1 наурызда республика бойынша 775 адам сынақтан өтті.
• Талапкерлердің 17,5 пайызы медицина, педагогика және ауыл шаруашылығы мамандықтарына түсуді көздесе, 17,1 пайызы математика-физика, 10,5 пайызы математика-информатика пәндерін таңдаған. Яғни, болашақта инженерлер мен IT мамандары болғысы келген.
Ең жоғары бал қанша?
• ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгерген жоқ, үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан 20 тапсырма, оқу сауаттылығынан 10 тапсырма, математикалық сауаттылықтан 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.
• Тестілеу уақыты – 4 сағат. Ерекше қажеттілігі бар балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі.
Еске салайық, наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданған, былтырғы мектеп және колледж түлектері, Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ азаматтар, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. ҰБТ 6 сәуірге дейін жалғасады.