Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Бүгін, 15:15 / Перизат Ілес / Дін

“Қалыңдықтан бас тартады”: Белгілі имам мәһір жайлы айтты

Қоғамда мәһір мәселесі қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі. Осы орайда Newsroom.kz сайтының тілшісі Шымкент қаласы бас имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміровтен сұхбат алды,- деп хабарлайды newsroom.kz

“Қалыңдықтан бас тартады”: Белгілі имам мәһір жайлы айтты

- Қазіргі таңда мәһір өзекті тақырыпқа айналды. Қоғамда кей арулар мәһірге ұшақ немесе құны қымбат көлік сұрап жатады. Көп соммада мәһір сұрау қаншалықты дұрыс? Исламда мәһірдің белгілі бір заңы бар ма?

Жалпы мәһір мәселесі Жаратқанның бұйрығымен бұйырылған дүниелердің бірі. Қазіргі таңда көптеген кісілерден “Бұрын мәһір жоқ еді, қазір қайдан шықты”,- деген пікірлерді естіп жатамыз. Бұл біздің шариғи сауатсыздығымыз. Мәһірдің аз мөлшерінде шектеу бар, көп мөлшерінде шек жоқ. Әйел адам қалаған дүниесін сұрай алады. Егер мәһірді көп сұрап, шама келмесе екі жақ келіседі немесе қалыңдықтан бас тартады.

- Мәһірдің құнының көп болуы қоғамда бойдақтардың артуына себеп болмай ма?

Себеп болмайды. Мәһір мәселесінде қыз баламен келісім жасай алады немесе ер азамат қыз балаға түсіндірме жұмысын жасайды. Сүйген адам мәһірге қарамайды. Бізде бекітілген мәһірді осынша бересің деген дүние жоқ. Мәһір мәселесі үйленуге кедергі болмайды.

- Ақтөбеде мешітте ер адамның қыз балаға бір түндік неке қидыруға үгіттегені қоғамда қызу талқыға түсті. Осы орайда Исламда “бір түндік неке” деген ұғым бар ма?

Ондай ұғым жоқ. Неке мәңгілік болуы тиіс,- деп жауап берді имам.

 

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату