weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
24 сәуір, 2025 / Перизат Ілес / Дін
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мешітке балаларды алып барған дұрыс па?: Имам жауап берді

Әлеуметтік желіде көпшілік кішкентай балалардың мешітте намаз уақытында болуы, дұға жасауға кедергі келтіретінін айтып, наразылығын білдірген болатын. Осы орайда Newsroom.kz сайтының тілшісі ҚМДБ-ның белгілі ұстазы Кенжеәлі Қоңыратбайұлынан жауап алды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мешітке балаларды алып барған дұрыс па?: Имам жауап берді

“Шариғатта балиғат жасына толмаған балаларға мешітке келуге тыйым салынбайды. Бірақ намаз уақытында балиғат жасына толмаған балалар жылап немесе мешіт ішін былғап қоюы бек мүмкін. Сондықтан абзалы балаларды мешітке апармаған дұрыс. Пайғамбарымыздан жеткен, Ибн Мажадан риуаят, имам Табарани және имам Байһақи лер риуаят еткен бұл хадисте “Мешіттеріңізді сәби балалар және есі  дұрыс емес адамдардан алыс ұстаңыздар ”- делінген. Балаларды бәріміз жақсы көреміз. Жақсы көруіміз керек. Өйткені перзент Жаратушының сыйы. Бірақ әр нәрсенің орны бар. Балаларға дінді, руханиятты, имандылықты үйде үйрету керек”,- деді имам.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→