Дереккөздердің айтуынша, арағайындар Израильді гуманитарлық мақсатта атысты тоқтатуға көндіру әрекетін жалғастырып жатыр. Ал Asharq al-Awsat газеті «жан-жақты келісім» туралы ақпараттың асыра айтылғанын, нақты еместігін мәлімдеді.
Сондай-ақ ХАМАС Мысырдың Газа секторын басқару жоспарына келісетінін және Израиль әскерін шығару процесін бақылау үшін Мысырмен бірлескен комитет құруға дайын екенін білдірді.
ХАМАС делегациясы сейсенбі күні Мысырдың шақыруымен Каирге келіп, барлау қызметінің басшысымен кездесті. Олар атысты тоқтату келіссөздерін тезірек қайта бастауға мүдделі екенін жеткізді.
Еске салсақ, ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөздер өткен айда Катарда үзілген. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен АҚШ тарапы ХАМАС-тың ұсынысына көңілі толмай, делегацияларын Дохадан кері шақырған. Ал палестиналық тарап бұл жауапты бірқатар делдалдар «конструктивті» деп бағалағанын алға тартты.