weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

1000 теңгелік монета: Конституцияның 30 жылдығына орай екі түрлі монета шығарылды

Қазақстан Ұлттық банкі «Тарихи оқиғалар мен тұлғалар» сериясы аясында Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналымға енгізді.

1000 теңгелік монета: Конституцияның 30 жылдығына орай екі түрлі монета шығарылды
Фотолар: nationalbank

Монетаның бетінде ашық кітап бейнеленген, ол – Конституцияны білдіреді. Оның үстінде Қазақстан картасының сұлбасы фонында «30» саны орналасқан. Картаның ортасында шаңырақ бейнеленіп, күннің символын көрсетеді. Ерекшелігі – «30» саны алтын жалатылған.

Монеталар екі нұсқада шықты:

Күміс (925 сынама) – алтын жалатылған, массасы 31,1 г, диаметрі 38,61 мм, номиналы 1 000 теңге, таралымы 1 000 дана;

Нибрасс/нейзильбер қорытпасы – массасы 6,45 г, диаметрі 24,5 мм, номиналы 100 теңге, таралымы 5 млн дана.

Ұлттық банк мәліметінше, барлық монеталар Қазақстан аумағында өз номиналы бойынша төлемге қабылдануға міндетті.