Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Алматыдан Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды

12 тамызда Алматыдан Астанаға бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін біраз уақыттан соң Алматы әуежайына қайта қонды. 

Алматыдан Астанаға ұшқан Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралды
Фото: ашық дереккөз

Tengri travel дерегінше, әуе кемесі герметизацияның бұзылуына байланысты кері бұрылған болуы мүмкін.

Air Astana бұл ақпаратты растады. Компанияның мәліметінше, Airbus A321 ұшағы KC855 рейсін орындау кезінде техникалық себеппен Алматы әуежайына қайта оралған. Қону уақыты – 21:18, қону қалыпты жағдайда өткен.

– Рейсті жалғастыру үшін Астанада тұрған әуе кемесі пайдаланылады. Осыған байланысты KC856 Астана–Алматы рейсі 02:00-де, ал KC855 Алматы–Астана рейсі 04:45-те орындалады. Кешіктірілген рейс жолаушыларына SMS арқылы хабар беріліп, күту кезінде тамақ пен сусын ұсынылды, – делінген компания хабарламасында.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату