weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Тоқаев таэквондодан қара белбеу иегері атанды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік таэквондо федерациясының (WT) басшысы Чонгвон Чоумен кездесті.

Тоқаев таэквондодан қара белбеу иегері атанды
Фото: Ақорда видеосынан кадр

Мемлекет басшысы спортты әлемде дамытуға қосқан еңбегі үшін Чоуды «Достық» орденінің II дәрежесімен марапаттады. Өз кезегінде WT президенті Тоқаевқа таэквондодан тоғызыншы дан қара белбеу табыс етті.

Одан кейін Президент дәстүр бойынша жаттығу тақтасына қолтаңбасын қалдырып, жымиып тұрып оны бір соққымен қақ бөлді.

Кездесуге Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, боксшы Геннадий Головкин де қатысты.