Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Alphard қатысқан тағы бір апат – төрт адам қаза тапты

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол-көлік оқиғасының кадрларын жариялады. Олардың мәліметінше, апат 11 тамыз түнінде Астана – Қарағанды – Алматы тасжолының 1396-шақырымында болған.

Alphard қатысқан тағы бір апат – төрт адам қаза тапты

Алдын ала дерек бойынша, Toyota Alphard жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік Батпақты ауылының маңында (Осакаров ауданы) аударылған.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 30 жастағы жүргізуші рөлге ие болудан айырылып, нәтижесінде минивэн жол жиегіне аударылған.

«Жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы төртеуі, оның ішінде екі кәмелетке толмаған бала, ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — делінген полиция мәліметінде.

Toyota Alphard минивэні соңғы жылдары жаман атаққа ие болды – Қазақстан жолдарындағы осы көлікке қатысты қаза көрсеткіші тым жоғары.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату