Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, грант қаржысына магнитті-резонанстық томограф, компьютерлік томограф, бейнеэндоскопиялық жүйе, жасанды қан айналым аппараты және ауыр науқастарды диагностикалау мен емдеуге қажетті өзге де медициналық бұйымдар сатып алынады.
Қазір екі ел арасындағы келісім құжаттары келісілуде. Жапония мен Қазақстан бұл бағыттағы ынтымақтастықты көп жылдан бері жалғастырып келеді. 2002 жылдан бастап Семейде жапон тәжірибесіне сүйеніп, радиациядан зардап шеккендердің мемлекеттік тіркеуі жүргізіліп келеді.