Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

СҚО-да жасөспірімді өз үйінде атып кеткен

Қайғылы оқиға 7 тамызда Жамбыл ауданына қарасты Пресновка ауылында болған. Оқиға кезінде үйде ешкім болмаған. Жұмыстан оралған әкесі 15 жастағы қанға малынған ұлын көріп, бірден ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер жасөспірімнің қайтыс болғанын анықтады.

СҚО-да жасөспірімді өз үйінде атып кеткен
Фото: егемен

Полицияның мәліметінше, оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр, мән-жайы мен себептері анықталуда. Сондай-ақ атыстың қолдан жасалған арбалеттен жасалғаны белгілі болды.

Марқұмның тұрмысы жақсы отбасынан шыққаны айтылады. Көршілерінің сөзінше, ол сабырлы, ешкіммен жанжалдаспайтын, ата-анасына көмектесіп жүретін бала болған.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату