weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Баннер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Солтүстік Қазақстанда 7 мың шақырымнан астам су желісі бар: жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?

СҚО- да  2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Өңірде жылу, электр және сумен жабдықтау инфрақұрылымдарын жаңарту бойынша бірқатар жоба іске асырылуда. Бұл туралы Newsroom.kz редакциясының сауалына берілген жауапта айтылды.

Солтүстік Қазақстанда 7 мың шақырымнан астам су желісі бар: жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?
Фото: Жасанды интелект

Облыста 7 мың шақырымнан астам су желісі бар

Облыстағы сумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 7 198,2 шақырымды құрайды. Сумен жабдықтау қызметтерімен 514,7 мың адам қамтылған. Оның ішінде 250,8 мың адам – қала халқы, 263,9 мың адам – ауыл тұрғындары.

2025 жылы 37 ауылдық елді мекенде тарату желілері мен сумен жабдықтау нысандарын салу бойынша 31 жоба іске асырылды. Сонымен қатар 46 ауылда суды тазартуға арналған кешенді блок-модульдер орнатылды.

Өткен жылы топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 9 жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 131,9 мың тұрғыны бар 163 елді мекеннің сумен жабдықталуы жақсарды.

2026 жылы облыста сумен жабдықтау және су бұру саласында 22 жоба іске асырылып жатыр. Оның 18-і – өтпелі, 4-еуі – жаңа жоба.

Қазіргі уақытта үш ірі топтық су құбыры жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Олар:

Преснов топтық су құбырын реконструкциялау;

Соколов топтық су құбырын реконструкциялау және тарату желілерін салу;

Көкшетау топтық су құбырынан ауылдық елді мекендерге су құбырлары мен тармақтар тарту.

Бұл жобаларды 2026 жылы аяқтау жоспарланған.

Жылыту маусымына шамамен 70 млрд теңге қарастырылған

Солтүстік Қазақстан облысында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары да жүргізілуде. Осы мақсаттарға барлық қаржыландыру көздерінен шамамен 70 млрд теңге қарастырылған.

Петропавлдағы 2-ЖЭО-да жөндеу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Биыл бес қазандыққа – №6, 8, 9, 10 және 11 агрегаттарына, сондай-ақ №4 турбинаға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Бұдан бөлек, №2 қазандық пен №1 турбинаны реконструкциялау, алты қазандық пен бес турбинаға ағымдағы жөндеу жүргізу көзделген.

Қазіргі таңда №6 қазандық агрегаты мен №4 турбоагрегатқа күрделі жөндеу аяқталған. Сонымен қатар №4, 7 және 12 қазандық агрегаттары мен №2 турбоагрегаттағы ағымдағы жөндеу жұмыстары тәмамдалды.

Жылу желілерінің 8,5 шақырымы жөнделді

Облыста 9,8 шақырым жылу желісінің 8,5 шақырымына жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілді.

Электрмен жабдықтау саласында да жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы ұзындығы 1 373 шақырым электр желісінің 886 шақырымы, сондай-ақ 206 қосалқы станцияның 159-ы бойынша тиісті жұмыстар орындалған.

Нысандардың дайындығы қанша пайыз?

Бүгінгі таңда жылыту маусымына дайындық деңгейі мынадай:

қазандықтар – 84%;

білім беру нысандары – 92%;

денсаулық сақтау нысандары – 85%;

көппәтерлі тұрғын үйлер – 69%.

Осы көрсеткіштерге қарағанда, әлеуметтік нысандар арасында ең жоғары дайындық білім беру ұйымдарында тіркелген. Ал көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындығы әзірге 69 пайызды құрап отыр.

Көмір қорының жартысынан астамы дайын

Жылыту маусымына қажетті көмір қорын жинау жұмыстары да жалғасуда.

Облыс бойынша жоспарланған 624 мың тонна көмірдің 322 мың тоннасы, яғни 52 пайызы дайындалған.

Оның ішінде халыққа қажетті 390 мың тоннаның 187 мың тоннасы немесе 48 пайызы қамтамасыз етілді.

Бюджеттік мекемелер бойынша жоспарланған 154 мың тоннаның 120 мың тоннасы немесе 78 пайызы дайын.

Ал орталық қазандықтар үшін 15 мың тонна көмір әзірленген.

Дайындық жұмыстары жалғасып жатыр

Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысында 2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық бірнеше бағытта қатар жүргізілуде. Қазандықтар мен жылу желілерін жөндеумен қатар, электр инфрақұрылымы жаңартылып, әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің дайындығы қамтамасыз етіліп жатыр.

Қазіргі көрсеткіш бойынша қазандықтардың дайындығы 84 пайызға, білім беру нысандарының дайындығы 92 пайызға, денсаулық сақтау нысандарының дайындығы 85 пайызға, ал көппәтерлі тұрғын үйлердің дайындығы 69 пайызға жеткен.

Жылыту маусымына дайындық жұмыстары жалғасып, тиісті жұмыстар тұрақты бақылауда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→