Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

«Ол әйеліме үнемі лайк басатын»: күдікті Берденовке қызғаныштан оқ атқанын айтты

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасады деп айыпталып отырған «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры Ернар Жиембай сотта қызғаныш әрекетіне басты себеп болғанын айтты.

«Ол әйеліме үнемі лайк басатын»: күдікті Берденовке қызғаныштан оқ атқанын айтты

«Басты себеп – қызғаныш. Әйелім Берденовтің туыстарымен араласып жүрді, оны үнемі маған үлгі ететін. “Ол денелі, костюмдері де әдемі әрі қымбат” дейтін. Жұмыста да үнемі қысым, қорлау болды. Ақыры әйелім ажырасуға арыз берді. Берденов үнемі оған лайк басатын, мақтау сөздер жазатын», – деді Жиембай сәрсенбі күні сот залында.

Бұл айтқандары бұған дейін әлеуметтік желіде тараған, шабуылдың артында жеке кикілжің мен емеурін болуы мүмкін деген болжамды растағандай болды.

Еске салайық, Руслан Берденовке шабуыл 21 сәуір күні кешкісін жасалған еді. Ол оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді. 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату