Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

68 мың тонна құмды заңсыз сатып, ел қазбасына шығын келтіргендер сотталды

Абай облысында табиғи ресурстарды рұқсатсыз игеріп, ірі көлемде пайда тапқан топтың әрекеті әшкере болды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, күдіктілер жалған құжаттар арқылы 68 мың тоннадан астам құм қазып, заңсыз сатқан.

68 мың тонна құмды заңсыз сатып, ел қазбасына шығын келтіргендер сотталды
Фото: ашық дереккөз

Тергеу барысында заманауи цифрлық технологиялар пайдаланылған: дрон арқылы жерүсті бақылауы жүргізіліп, заңсыз қазба орындарының нақты координаттары анықталған. Сонымен қатар, «Сергек» жүйесінің көмегімен құм тасымалының бағыты түгелдей бақылауға алыныпты.

Жиналған дәлелдер негізінде бірнеше адамға Қылмыстық кодекстің бірқатар баптары бойынша айып тағылып, іс сотқа жіберілді. Сот үкімімен екі азамат ауыр техникаларды тәркілеумен қатар бас бостандығынан айырылды.

Мемлекетке келтірілген 272 миллион теңгеден астам шығын өндірілді. Сонымен бірге 144 миллион теңгеге бағаланған мүлікке тыйым салынған.

Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату