weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Биыл Жайық арқылы Қазақстанға 6,4 млрд текше метрден астам су келген

2025 жылдың алғашқы алты айында Ресейден Жайық өзені арқылы Қазақстанға 6,43 млрд текше метрден астам су келген. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді.

Биыл Жайық арқылы Қазақстанға 6,4 млрд текше метрден астам су келген
Фотл: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ведомствоның мәліметінше, бұл дерек «Январцево» шекаралық гидробекетінің өлшем нәтижесіне сүйеніп берілген. Жайық өзені — трансшекаралық су көзі, оның су қорының 80%-ға жуығы Ресей аумағындақалыптасады. Ал Қазақстанда ол Атырау облысы арқылы ағып өтіп, Каспий теңізіне құяды.

Су бөлінісі 1996 жылғы 20 маусымда бекітілген екіжақты хаттамаға сәйкес реттеледі. Құжатқа сай, Ресей Қазақстанға жіберетін су көлемін ай сайын нақтылап отырады.

– Бұл жұмыс екі ел арасындағы су шаруашылығындағы ынтымақтастықтың бір бөлігі. Су бөлінісі хаттама негізінде жүргізіліп отыр, – деді министрліктің Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастық басқармасының басшысы Нағима Әжіғұлова.