Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Ресей Иреклі су қоймасынан Жайыққа екі есе мол су жібереді

Ресей Иреклі су қоймасынан жіберілетін су көлемін екі есеге арттырмақ,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы qazaqstan.tv арнасына сілтеме жасап.

Ресей Иреклі су қоймасынан Жайыққа екі есе мол су жібереді
Фото: Qaz365.kz

 Иреклі су қоймасынан 108 текше/метр су жіберіле бастайды. Бұл қазіргі көлеммен салыстырғанда екі есе мол су келеді деген сөз. Қазір Жайыққа жоғарыдан 60 текше метр су ойысып жатыр. Бұл өткен жылғыдан 4 есе көп. Бірақ мамандар бұл қауіпті емес дейді. Өйткені былтырғыдай суды бірден мың текше метрлеп емес, су қоймасын осылай біртіндеп босатқан әлде қайда тиімді. Иреклі су қоймасы қазір 76 пайызға толып тұр. Ал мол су біздің өңірге тек бір айдан кейін ғана жетеді. Қазір Жайық өзенінің деңгейі Орал тұсында 159 см. Алты метрге жетсе ғана саяжайларға қауіп төнеді. Алдын ала болжам бойынша, Деркөл өзені тасуы мүмкін. Яғни Бәйтерек, Тасқала аудандарын су басу қаупі бар,- делілген мәліметте.

Айта кетелік, Қазақстанда былтыр көктемде болған су тасқынының шығындары шамамен 300 млрд теңге деп есептелген.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату