Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ВАЗ 2107 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Ал Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі мен төрт жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қазір аталған оқиға бойынша тергеу басталды. Сараптама қорытындысына қарай процессуалдық шешім қабылданады.
Полицейлер жүргізушілерге жылдамдықты асырмау жөнінде ескерту жасайды. Өйткені бұл — заң бұзушылық қана емес, адам өміріне қауіп төндіретін қылмыс, дейді олар.