weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
10 шілде, 2025 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қоғам қауіпсіздігінің маңызды бағыты

Қоғам қауіпсіздігінің маңызды бағыты

Қоғам қауіпсіздігінің маңызды бағыты
Фото: kaz.orda.kz

Бүгінгі цифрлық ғасырда қаржы саласындағы алаяқтық түрлері күрделеніп, азаматтардың сенімін теріс пайдалану фактілері жиілеп отыр. Соның ішінде қаржы пирамидалары, интернет-алаяқтық және лудомания (ойынқұмарлық) – еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығына елеулі қауіп төндіретін құбылыстарға айналды.

Қаржы пирамидалары халықты жылдам байытамыз деп алдай отырып, салымшылардың қаражатын заңсыз иемденетін жүйе. Соңғы жылдары мұндай схемалар әлеуметтік желілер, мессенджерлер арқылы таралып, жасырын сипат алып отыр. Жәбірленушілердің көбі – қаржылық сауаты төмен, жеңіл пайдаға сенетін азаматтар.

Интернет-алаяқтық – онлайн сауда, жалған банк сайттары, фишинг сілтемелері арқылы жасалатын қылмыстың кең таралған түрі. Алаяқтар азаматтардың жеке деректерін, банк шоттары мен карталық мәліметтерін ұрлап, қаржылық зиян келтіреді. Мұндай қылмыстарды әшкерелеу қиын болғандықтан, алдын алу шараларының маңызы артып отыр.