weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ортақ чаттағы жазбасы сотқа жеткізді: петропавлдық әйел 500 мың теңге төлейтін болды

Петропавлда әйел адам бұрынғы ПИК төрайымына жала жапқаны үшін 495 432 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.

Ортақ чаттағы жазбасы сотқа жеткізді: петропавлдық әйел 500 мың теңге төлейтін болды
Фото: Amiel.club

Ол үй тұрғындарының ортақ чатында экс-төрайымның тұрғындардың ақшасын келісімсіз жұмсағанын және жалған құжаттар тапсырғанын жазған. Алайда бұл айыптауларын дәлелдей алмады.

Сот барысында әйел өз кінәсін жартылай мойындады. Қазіргі таңда сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.