Жарлықта бұл тарифтер «нақтыланған қарсы шаралар» деп аталады. Тариф мөлшері 10%-дан 41%-ға дейін. Сирияға 41%, Лаос пен Мьянмаға – 40%, ал ең төменгі мөлшерлеме – 10% – Ұлыбритания мен Фолкленд аралдарына белгіленген.
Мәселен, Канада үшін бұл талаптар бірден күшіне енсе, басқа елдер үшін жеті күннен кейін қолданыла бастайды.
Айта кетейік, 2 сәуірде Ақ үй басшысы сауда серіктестеріне қарсы кең көлемдегі кедендік баж енгізетінін мәлімдеген болатын. Сол жолы Қазақстанға 27% мөлшерлеме белгіленді.
Ал шілде айының басында Трамп президент Тоқаевқа арнайы хат жолдап, 1 тамыздан бастап Қазақстанға қарсы 25%-дық тариф күшіне енетінін хабарлаған.