Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Labubu ойыншығы үшін өзін-өзі өлтірген

2025 жылдың шілде айында Қытайдың Шанхай қаласында болған қайғылы жағдай көпшілікті бей-жай қалдырмады. Жасөспірім қыз сәнге айналған Labubu ойыншығының шектеулі сериясын иелене алмаған соң, өз-өзіне қол жұмсаған. Тергеу нәтижесінде қыздың біраз уақыттан бері осындай ойыншықтарды жинаумен әуестеніп жүргені белгілі болды.

Labubu ойыншығы үшін өзін-өзі өлтірген

Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, ата-аналар мен мамандар жасөспірімдердің психикалық саулығы үшін алаңдаушылық білдірді. Балалар психологы Екатерина Ильичеваның айтуынша, Labubu сынды ойыншықтар кей бала үшін қорғаныш символына айналуы мүмкін.

– Labubu – сырт көзге оғаш көрінетінімен, балалар оны "батыл қорғаныш иесі" ретінде қабылдайды. Оны құшақтау арқылы өздерін қауіпсіз сезінеді, – дейді маман.

Дегенмен, Ильичева кей балалар үшін мұндай кейіпкерлер мазасыздық тудыруы мүмкін екенін де ескертеді. Эмоциялық тұрғыдан әлсіз, сезімтал балалар мұндай ойыншыққа теріс әсермен қарауы да ықтимал.

Ата-аналардың да бұл ойыншыққа көзқарасы екіұшты. Бірі – заман талабы, бала қызығушылығы десе, енді бірі – сыртқы келбеті мен ішкі мағынасына алаңдайды.

– Балаларым Labubu сұрап жүр. Басында түрін көріп шошыдым. Ұсқынсыз. Құбыжық сияқты. Сондықтан рұқсат бермедім. Балаларға сәннен бұрын – ойыншықтың мәні маңызды екенін ұғындыруымыз керек, – дейді үш баланың анасы.

Ал балалардың өз пікірі мүлде бөлек. Олардың айтуынша, Labubu – қорқынышты емес, ерекше әрі сәнді. Көпшілік үшін бұл – трендке ілесудің жолы, құрдастар ортасында қабылданудың амалы.

Психолог ата-аналарға баланың қызығушылығын жоққа шығармай, сонымен бірге оның психологиялық саулығына да мән беруге кеңес береді.

– Баланы сәнге емес, отбасылық құндылықтарға, ішкі тұрақтылық пен махаббатқа баулуға тиіспіз. Сол кезде ғана ол сыртқы дүниеге тәуелсіз, мықты тұлға болып қалыптасады, – дейді Екатерина Ильичева.

Қайғылы оқиға – жасөспірімдердің ішкі жан-дүниесіне үңілу қажеттігін еске салатын ащы сабақ.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату