Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Павлодарда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып,  өзі де секіріп кеткен

Бұл туралы жедел медицина қызметі станциясының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Павлодарда әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып,  өзі де секіріп кеткен

«Тұрғындардың бірі Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде бір әйел үйдің бесінші қабатынан екі баласын лақтырып, артынша өзі де секіргенін хабарлады», — делінген хабарламада.

Дәрігерлер оқиға орнына 6 минутта жеткен.

Алдын ала ақпаратқа қарағанда, зардап шеккендердің жағдайы өте ауыр. Балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылса, әйел адам Павлодар қалалық №1 ауруханасына жеткізілген.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен балалардың бірінің жасы 1,5 жаста болса, екіншісі 5 жаста.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату