Жоба жетекшісі Ербол Ихсановтың айтуынша, құрылғы көкөніс, жеміс, ет, сүт, балық және дайын тағамдарды мұздатылған күйінде кептіріп, дәрумені мен дәмін жоғалтпай сақтайды. Арнайы оралса, кептірілген өнім 10 жылдан аса уақыт жарамды бола алады.
«Dayar 20» – агросалада жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын отандық технология.