Мұнда ғалымдар қоршаған ортаны ластайтын заттарды анықтап, мұнай химиясы саласында тереңдетілген зерттеулер жүргізеді.
Сондай-ақ отандық медициналық-биологиялық құралдар мен бактерияға қарсы қорғаныш жабындарын алудың оңтайлы әдістерін әзірлеуде.
Аталған ғылыми зертханалар металл және ағаш конструкцияларға арналған отқа төзімді жабындарды жасауға, арнайы қасиеттері бар бейорганикалық материалдардың жаңа түрлерін зерттеуге, заттар мен материалдарды сандық және сапалық талдау бойынша қызметтерді орындауға мол мүмкіндік береді.
Бүгінде кластер құрамына кіретін «ChemMedLab» мамандары ота кезінде пайдаланылатын хирургиялық жіпті жетілдіріп, бетіне антибактериалды жабын жасап шығарды. Қазір медицинада операция жасалған уақытта жараны хирургиялық жіптермен тігеді. Кей жағдайда жіптердің бетіне бактериялар орнығып, инфекция тудырады. Ал университет ғалымдары аталған хирургиялық жіптерге антибактериалды жабын жасап, оны қолданысқа енгізуде. Алдымен жіптердің бетіне мультиқабатты наноөлшемдегі жабындар орнатылады. Соңғы қабатқа антибактериалды агент енгізіледі. Антибактериалды агенттің қарапайым антибиотиктерден айырмашылығы – бактерияларға жедел қарсы әрекет етуінде. Яғни бір ай бойы бактерияға қарсы күреседі. Қазіргі таңда университет ғалымдары ғылыми жоба бойынша патент алып, әлемдік журналдарға мақалалар жариялаған. Аталған инновациялық жобаға ота кезінде қолданылатын хирургиялық жіптерді шығаратын «RuMa Farm» компаниясы қызығушылық білдіріп, ғалымдармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізген.
Сондай-ақ ҚазҰУ базасында «Chemical Coating Innovations» ғылыми-өндірістік орталығы жұмыс істейді.Жоба ҚР ҒЖБМ Ғылым қорының қаржылай қолдауымен жүзеге асып отыр.
Мұнда ғалымдар машина жасау және техникалық құрал жасау қажеттіліктері үшін, сондай-ақ кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдары өңделіп, арнайы гальваникалық қаптамалар шығарумен айналысады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дайындалатын гальваникалық қаптамалар өнімнің қызмет ету мерзімін ұзартады. Яғни бұл өндірушіге де, тұтынушыға да пайдалы. Бұл – тат басудан қорғаудың жаңа әрі тиімді әдісі. Сондай-ақ жаңа орталық өндіріс технологі және операторы мамандарын даярлайды.
Қазақстанда электрохимиялық қаптамаларды жасау бойынша ғылыми-өндірістік орталықтар іс жүзінде жоқ. Электрохимиялық қаптамалардың қасиеті мен құны өте тиімді және тәжірибеде берік болады. Өндіріс жылына он мыңдаған шаршы метр қаптамалар алуға мүмкіндік береді.