Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

25 шілдеге арналған ауа райы: жаңбыр жауып, жел күшейеді

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 25 шілде күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді.

25 шілдеге арналған ауа райы: жаңбыр жауып, жел күшейеді
Фото: depositphotos

Астанада бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел жылдамдығы – 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +29...+31°C.
Алматыда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +35…+37°C.
Шымкентте де жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты. Жел 8–13 м/с. Түнгі температура +22...+24°C, күндіз +38…+40°C.
Ақтауда – бұлтты, жауынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +22...+24°C, күндіз +29...+31°C.
Ақтөбеде бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Жел 8–13 м/с. Түнде +17...+19°C, күндіз +26…+28°C.
Атырауда жаңбырлы, найзағайлы күн. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Түнгі ауа температурасы +22…+24°C, күндіз +31…+33°C.
Жезқазғанда – бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +31...+33°C.
Қарағандыда да күн бұлтты болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел 7–12 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +31...+33°C.
Көкшетауда – ауыспалы бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Жел 9–14 м/с. Түнде +14...+16°C, күндіз +24…+26°C.
Қонаев қаласында – жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел 9–14 м/с. Түнде +19…+21°C, күндіз +36…+39°C.
Қостанайда – жаңбыр, найзағай, жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз +25…+27°C.
Қызылордада – бұлтты, найзағай, жаңбыр және шаңды дауыл күтіледі. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +23...+25°C, күндіз +38…+40°C.
Павлодарда – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +14...+16°C, күндіз +30…+32°C.
Петропавлда – бұлтты, жаңбыр, найзағай. Жел 15–20 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +21…+23°C.
Семейде – ауыспалы бұлтты, жауын-шашын жоқ. Түнде жел 2–7 м/с, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +32…+34°C.
Талдықорғанда – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 6–11 м/с. Түнде +13…+15°C, күндіз +36…+38°C.
Таразда – жауын-шашынсыз, ауыспалы бұлтты. Жел 9–14 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +37…+39°C.
Түркістанда – бұлтты, жауынсыз. Жел 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнде +23...+25°C, күндіз +40...+42°C.
Оралда – жаңбыр, найзағай, бұршақ түсуі мүмкін. Жел 9–14 м/с, күндіз екпіні 18 м/с. Түнде +16...+18°C, күндіз +25...+27°C.
Өскеменде – ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Түнгі ауа температурасы +7...+9°C, күндіз +28…+30°C.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату