Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Шетелдік ойыншыққа тәуелдіміз бе: қазақ баласына қазақ ойыншығы жетпей тұр

2025 жылдың қаңтар–маусым айларында елімізде ойыншықтар мен ойын өнімдері өнеркәсібі 246,7 млн теңгеге жұмыс істеді — бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 57,8%-ға аз.

Шетелдік ойыншыққа тәуелдіміз бе: қазақ баласына қазақ ойыншығы жетпей тұр
Фото: gov.kz

Energyprom дерегінше, аймақтар бойынша шығарым:

  • Алматы облысы — 95,8 млн теңге (22,7%-ға өскен, 2024 жылы – 78,1 млн)
  • Қарағанды облысы — 55,4 млн теңге
  • Алматы қ. — 46,7 млн теңге

Шикізаттық эквивалентте:

Мектеп жасындағы балаларға арналған ойыншықтар (қыздар, жануарлар, басқа кейіпкерлер) — 19,3 мың данасы шығарылды (өткен жылы – 6,6 мың)

Ал ойын модельдері, поездтердің макеттері мен конструкторлар — 15,7 мың бірлік, бұл 2024 жылғы көрсеткіштің 2,2 есе төмені.

Айта кету керек, Қазақстанда өндірілген ойыншық саны нарыққа өте аз келеді, еліміздің сұранысы негізінен импорт есебінен жабылады.

Баға индексі бойынша:
2025 жылғы маусымда ойыншықтар мен ойындар бағасы 9,8%-ға өскен:

  • Конструкторлар – 12,1% артқан
  • Жұмсақ ойыншықтар – 10,6%
  • Дұрыс жабдықталған үстел ойындары – 6%

Аймақтардағы баға өзгерістері:

  • Солтүстік Қазақстан облысында – 25,3%
  • Атырау облысында – 20,6%
  • Батыс Қазақстан — 14,5%
  • Ақтөбе облысы — 13,7%
  • Алматы қаласында — 12,2%
  • Ал Қарағанды (1,2%), Маңғыстау (1,6%) және Жетісу (3,1%) облыстарында баға өзгерісі әлсіз байқалды. Алматы облысы мен Ұлытау облысында баға тұрақты қалды.

Жаһандық тренд:

Statista болжамы бойынша, 2025 жылы әлемдік ойыншық нарығы 132,86 млрд доллар табыс әкеледі, ал 2024–2030 жылдар аралығында жылдық өсу қарқыны — 2,42%.

Grand View Research пайымдауынша, 2023 жылғы нарық көлемі 324,66 млрд долларға жеткен, ал 2030 жылы 439,91 млрд долларға дейін өсіп, орташа 4,3% жылдық өсім көрсете алады.

Бұл салада экологиялық таза ойыншықтар, дәстүрлі конструкторларға сұраныстың өсуі, құрылымдық ойындар және мобильді ойындардың танымалдылығы әсер етеді.

Үздік ойыншық брендтері:
Spin Master, The LEGO Group, SANRIO Co., Playmates Toys, JAKKS Pacific және басқа да ірі халықаралық компаниялар.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату