Яғни әрбір екінші шетелдік көлік Қытайдан келеді. Мамандар көрсеткіштің ұлғая береріне сенімді. Себебі бағасы басқаларына қарағанда арзандау. Қыста ғана көрші елден 130 млн долларға 10 мың көлік жеткізілген. Ал биыл импортталған көліктің 20 пайызы, яғни 4 мыңнан астамы АҚШ-тан, қалғаны Жапония, Оңтүстік Корея және Ресейден әкелінген.
Мәліметтер бойынша, 2023 жылы Қытайдан 16 333 бірлік көлік импортталған, 2022 жылы бұл көрсеткіш 12,5 мың бірлікті құраған. Ақшаға шаққанда импорт көлемі 291,8 млн долларды құраған. Бұл көрсеткіштерге қарап, Қытай Қазақстанға жеңіл көлік жеткізуші негізгі мемлекет болып саналады.
Содан кейінгі орында АҚШ тұр. Мәселен, 2020 жылы штаттардан орташа құны айына 4,9 миллион доллар болатын 114 автокөлік әкелінген. Ал 2021 жылы бұл көрсеткіш көтеріліп, 365 автокөлік 10,6 миллион долларға әкелінген. Ал 2022 жылы бұл көлем екі есеге артып, $16,9 млн долларға 741 автокөлік кіргізілген.
Айта кетелік, елімізге бұдан басқа Германия, Корея, Ұлыбритания, Түркия, Индонезия Канада елдерінен көліктер жеткізіледі.