weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ресейде 43 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

Амур облысында жолаушылар мінген Ан-24 ұшағы апатқа ұшырады. 

Ресейде 43 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
фото: dzen.ru

Ұшақтың қалдықтары Тында қаласынан 16 шақырым қашықтықтағы тау бөктерінен табылған. Құтқарушылар әуе кемесінің фюзеляж бөлігін анықтап, апат орнында өрт шыққанын мәлімдеді. Қазіргі таңда іздестіру-құтқару тобы оқиға орнына жетуге тырысып жатыр.

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған Ан-24 ұшағы «Ангара» әуе компаниясына тиесілі. Әуе көлігі Хабаровск–Благовещенск бағытымен ұшып, Тында әуежайына қонуға бет алған. Экипаж қонуға екінші рет әрекеттенген сәтте онымен байланыс үзіліп кеткен. Осыдан кейін оның қайда екені белгісіз болып, іздестіру жұмыстары басталған.

Қиыр Шығыс көлік прокуратурасы ұшу қауіпсіздігіне қатысты заң талаптарының орындалуын тексеру үшін арнайы тексеріс бастағанын хабарлады. Тергеуге Байкал-Ангара көлік прокуратурасы да тартылған.

Амур облысының губернаторы Василий Орлов алдын ала мәлімет бойынша ұшақта 43 адам болғанын, оның ішінде 5 бала мен 6 экипаж мүшесі бар екенін айтты.

Қазір апаттың нақты себептері анықталып жатыр.

Осы оқиғаға қатысты Президент Тоқаев Путинге көңіл айту жедел хатын жолдады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→