Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген сенімді және сындарлы диалогтың жоғары деңгейін атап өтті. 2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара сауда айналымы 27,8 миллиард АҚШ долларын құраған, ал 2025 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығында бұл көрсеткіш 9,6 миллиард доллар болды.
Екі мемлекет арасындағы әріптестікті тереңдету аясында биылғы күзде Орал қаласында өтетін Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысына да ерекше назар аударылды.